Оралман мәртебесін беру мен ұзартуды еңбек министрлігі атқарады

874

ҚР Еңбек және халықты әлеуметті корғау минстрлігі 35 түрлі қызметтің орындалуын бақылауға алуды жоспарлап отыр.

Оралман мәртебесін беру мен ұзартуды еңбек министрлігі атқарады

Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі қызметтер енді қызмет көрсету трекингі жүйесінде бақыланады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні трекинг жүйесінде ҚР Еңбекмині көрсететін 18 қызмет мониторингіленеді. Олардың арасында мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау, мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау кіреді. Бұл ретте министрліктің қызметкерлері нақты уақыт режимінде қызмет көрсетудің барлық кезеңдерін бақылай алады. Кешігу немесе қызмет көрсетпеу фактілері анықталғаннан кейін болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбекмині 35 түрлі қызметтің орындалуын бақылауға алуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, Министрлік қызметкерлері нақты уақыт режимінде келіп түскен және өңделген өтінімдердің санын, олардың қаншасының мерзімі өткенін және тағы басқаларын бақылай алады. Алдағы уақытта бұл деректер өңірлерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талдау үшін негіз болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу