Азаматтық алып үлгермеген қандастарға арнайы акция шеңберінде "оралман" мәртебесі 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Науқан "Отандастар қоры" мен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының "оралман" мәртебесін ұзартудың жеңілдетілген тәртібі бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды Atameken Business.
Айта кетсек, тарихи отанына келген, бірақ азаматтық алып үлгермегендер үшін "оралман" мәртебесін ұзарту акциясы 2018 жылы басталған еді. Бұл статус берілген күннен бастап, тек бір жылға ғана жарамды. Мәртебе мерзімін ұзарту азаматтардың тұрғылықты жеріндегі әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы жүзеге асады. Ал азаматтық алу үшін ішкі істер органдарына құжаттарды жеңілдетілген тәртіппен тапсыру керек. Сондай-ақ, сапалы қызмет көрсету мақсатында ел бойынша байланыс орталықтары іске қосылған.