Орамал тағатын оқушылар орта білімді үйде алуы мүмкін

959

Орамал тағатын оқушылар орта білімді үйде алуы мүмкін

Орамал тағатын оқушылар орта білімді үйде алуы мүмкін. Мұндай өзгерісті еліміздің дін істері және азаматтық қоғам минстрлігі мен білім министрлігі әзірлеуде. Оны Ақтөбе облысына барған Дархан Қалетаев халықпен кездесуі кезінде айтты.

Оның сөзінше, хиджаб киіп, бүркеніп жүру қазақ халқының салт-дәстүріне жатпайды. Бұны ата-аналар мен оқушылар түсінуге тиіс. Жаңадан әзірленіп жатқан заң жобасында дін саласында осы мәселелер назарға алынады. Бұл бағытта имамдар да бірлесіп, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуге септесулері тиіс.

Жалпы мұндай заңның қабылдануына бірнеше жыл бұрын Ақтөбе облысында орамал тағатын оқушылар төңірегінде шу себеп болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу