"Орамалды қыз періштені неге өлтірдің?": Айгүл Орынбек 3 жасар Асылымның өліміне қатысты тың дерек айтты

12515

Заңгер Айгүл Орынбек Сарыағаштағы атышулы жағдай туралы пікірі білдірді.

"Орамалды қыз періштені неге өлтірдің?": Айгүл Орынбек 3 жасар Асылымның өліміне қатысты тың дерек айтты Фото: коллаж inbusiness.kz

Бұл туралы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оранған орамалдағы қыз, неге періштелерді өлтіруге құмар болды? Сарыағаштағы дәретханадан табылған қыз өлтірілген екен. Біздің сараптамашылардың білімсіздігі, "қыз өз өлімімен өлген" деген қортынды берген еді. Алайда жақында тағы бір қызды өлтірмекші болған жерінен, орамалдағы қыз тұтқынға алынды. Ол тағы бір бес жасар қызды өлтірмекші болған екен. Сарығаштағы алдыңғы "көршісі зорлады деген бес жасар қыздың өлімін де, қайта тергеуді талап етемін", – дейді заңгер.

Айгүл Орынбектің айтуынша, ол қыздың да өлімі күдік тудырады. 

"Біздегі тергеу амалдары тиісті дәрежеде тергелмейтіні осы істер дәлелдейді! Яғни, біздің елдің криминалистері, эксперт сарапшылары білімсіз! Халық шулап кетті екен деп бір адамды ұрып соғып қамай салуға болмайды. Ол қанды қол қылмыскер өз қылмысын доғармайды. Жазасыз қалатынын білген маньяк, өз қылмысын арқарай жасай береді. Ал халыққа айтарым, бұндай істерде шын қылмыскер қамалсын десеңіздер, өтірік жалған ақпаратты естіп алып атойлай бермей, тергеу амалдарының шынайы ашылуын күтіңіздер! Мен бұл қызды жынды деп қамауға қарсымын, саған кімдер тапсырма берді?, деп жақсылап тергеуді талап етемін", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу