"Орамалың құтты болсын": Айгүл Иманбаева бақытын тапты

555

Ақбота Керімбекова жеке парақшасында жазба жариялап, құрбысы Айгүл Иманбаеваны құттықтады. 

"Орамалың құтты болсын": Айгүл Иманбаева бақытын тапты Фото: @botakerim

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ақбота Керімбекова өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваның өміріндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс істеп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!”, – деп жазды әнші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу