Рамазан айында Иорданияда орналасқан босқындар лагеріндегі сириялықтар отыз күн аспен қамтамасыз етіледі. Сауд Арабиясы мен Иордания осындай бағдарлама жоспарын бекітті, деп хабарлайды kazislam.kz.
Аталмыш бағдарлама "Саған да сауап болсын" деп аталады. Сонымен қатар, бағдарлама аясында сириялық босқындарға барлық жағынан азық-түлік жеткізіліп, оларға ораза ұстауға барынша жағдай жасалмақ.
"Мұндай игі қадам қасиетті Рамазан айының келуіне орай қолға алынды. Сириялық босқындар – біздің бауырларымыз. Сондықтан, біз мұсылман бауырларды қайда жүрсе де ұмытпауымыз керек" деді корольдік өкілі Бадр Самхан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу