Ораза қашан басталады: 2026 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

231

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.  

Ораза қашан басталады: 2026 жылдың діни күндер кестесі бекітілді Фото: muftiyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мүфтияттың мәліметінше, 2026 жылы Ораза айы 19 ақпан мен 19 наурыз аралығына түсіп отыр. Қадір түні 16-17 наурыз. Ал, ораза айт – 20 наурыз. Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында мерекеленеді.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу