Ораза ұстаған адам коронавирус жұқтырса не істеуі керек?

1227

Биыл Ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталы. 

Ораза ұстаған адам коронавирус жұқтырса не істеуі керек?

ҚМДБ төрағасының орынбасары, найып мүфти Ершат Оңғаров ораза ұстаған адам COVID-19 вирусын жұқтырса, не істеу керегін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Ораза ұстаған адам коронавирус жұқтырса, ол дәрігердің кеңесіне құлақ асқаны жөн. Дәрігер ауыз бекіту оның денсаулығына зиянын тигізеді немесе тигізбейді десе, осыны ескере отырып, тиісті шешімді қабылдауы керек", - деді найып мүфти орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол Құрандағы "Бақара" сүресіне тоқталды.

"Бұл сүренің 184 аятында "Егер адам ауырып қалса немесе жолда болса, Оразаны кейін ұстай алады делінген. Сондықтан ауырып қалған адамдар дәрігердің кеңесін ескеруі керек", - деп түйіндеді сөзін Ершат Оңғаров.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу