Ал 1 қазанға дейін келіп түскен өтінімдер компанияның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қаралатын болады.
"Орда" бағдарламасын жыл сайын жоспарлы қаржыландыру 13,8 млрд теңгені құрайды.
"2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жоспарлы көрсеткіштер 4,1 млрд теңгеге асты. Осыған байланысты компания жеке тұлғалардан өтінімдерді қабылдауды тоқтатады", – деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, "Орда" ипотекалық несиелендіру бағдарламасы 2018 жылдың қазан айында іске қосылды. Бағдарлама бойынша тұрғын үй құнының 30%-ы көлемінде бастапқы жарна төлеп немесе бастапқы жарнаны қосымша кепілмен ауыстыру арқылы ипотекалық қарыз алуға болады. Қарыз жиырма жылға дейінгі мерзімге, жылдық 12% (табысты толық растаған кезде) және 14% (табысты ішінара растаған кезде) мөлшерлемесімен беріледі. Үйді бастапқы және қайталама нарықтардан алуға болады.
Қарыз сомасы Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары үшін 1-ден 65 млн теңгеге дейін, Қазақстанның басқа өңірлері үшін 1-ден 45 млн теңгеге дейін. Өтінімдерді қабылдау және қарыздарға одан әрі қызмет көрсету серіктес банктер – "Еуразиялық банк" АҚ, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ арқылы жүзеге асырылады.
2018 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін "Орда" бағдарламасы бойынша 70 млрд теңгеден астам сомаға 5 271 өтінім алынды. Оның ішінде 49,4 млрд теңге сомасына 3 838 өтінім мақұлданды.