Orda.kz жобасы 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын тоқтатады

Бұл сайтқа қатысты барлық әлеуметтік желідегі парақшаға, тіпті YouTube арнасына да қатысты.  

Orda.kz жобасы 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын тоқтатады Фото: vlast.kz

Басылымның жұмысын тоқтату туралы шешімді "Ordamedia.kz" ЖШС-нің құрылтайшысы әрі алғашқы басшысы Мақсат Ғаниев қабылдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Orda.kz редакциясы 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмысын толық тоқтататынын мәлімдеді.

Редакция жабылудың басты себебін қаржылық жағдаймен байланыстырды. Orda.kz-тің өз кірісі редакцияның жұмысын әрі қарай қамтамасыз етуге жеткіліксіз болған. 

– Қабылданған шешімнің астарында басқа себеп жоқ. Редакцияның тапқан қаражаты оның жұмысын қамтамасыз етуге жетпейді. Қазіргі жағдайға әкелген өзге себептер жоқ, – делінген редакция мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, редакция өз міндеттемелерін толық орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын атап өтті.

Orda.kz қазақстандық және шетелдік әріптестерінен басылымның жабылуына қатысты ақпаратты тек редакцияның ресми мәлімдемелеріне сүйеніп таратуды сұрады. Редакцияның бас редакторы Анна Платонова оқырмандарға алғыс білдірді.

Жаза кетейік, Orda.kz материалдарын 31 тамыздың соңына дейін жариялай береді. Ал 1 қыркүйектен бастап сайтта жаңа жарияланымдар шықпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу