Прокуратура 1 млрд теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды

548

Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратура 1 млрд теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды Фото: el.kz

Ордабасы ауданының прокуратурасы аудан көлемінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жылдық жоспарға енгізілмеген нысандарға мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз жариялағанын анықтады.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 1 млрд теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылып, заң бұзушылыққа жол берілмеді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуы – прокуратура органдарының үнемі назарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу