Бұл туралы прокуратураның үйлестіру кеңесінде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құқық қорғау органының мәліметінше, командаға легионер ретінде шақыртылған бірқатар шетелдік спортшыларға ресми түрде ай сайын 2 миллион теңге көлемінде жалақы төленген.
Бірақ келісімшартқа қосымша енгізу арқылы оларға үстеме ретінде ай сайын тағы 18 миллион теңгеге дейін қосымша бонустар беріліп келген. Осындай жеңілдікке кемі 20 футболшы ие болған. Оның 12-сі шетелдік спортшылар.
Бұл оқиғаға байланысты іс әлі тергеліп жатыр. Жуық арада сотқа жолданбақ. Командаға прокуратураның өзі тексеріс жүргізуде. Аталған тексеріс бойынша қылмыстық іс қозғалды.