Ордабасы клубының бюджеті тағы 30 пайыз қысқарады

484

Кахабер Кахадзенің тағдыры әлі белгісіз. 

Ордабасы клубының бюджеті тағы 30 пайыз қысқарады

Шымкенттің "Ордабасы" клубына бюджеттен бөлінетін қаражат 30 пайыз қысқартылады. Қала әкімі Мұрат Әйтеновкоманданыңбиылғы жетістіктеріне өкңілі толмайтынын айтады. 

"Ордабасы" клубынан биыл үлкен жетістіктер күткен едік. Өкінішке қарай бесінші орын алып қалдық. Клубтың қазіргі құрамы мен бапкері Кахабер Кахадзенің тағдыры туралы  қазір нақты жауап бере алмаймын. Қорытынды жиын өткізіп, сәтсіздіктің себептерін талдаймыз. Осыдан кейін ғана шешім шығарамыз. Қазірдің өзінде бюджетті қысқарттық. Биыл неге клубтың бюджеті жылдағыдан көп болды? Өйткені біз еурокубокта бақ сынайтын едік. Ол кезде пандемия жоқ еді. Еуропаға баратын болғандықтан, іссапар шығындарына байланысты бюджеті көп болды. Еурокубоктарда қандай да бір жетістікке жетеміз деп ойлағанбыз.  
Бірақ өкінішке қарай, шығып қалдық. Еурокубоктан ұшып кеткен кезде бірден клуб бюджетінің 2 млрд теңгесін қысқартып, пандемиямен күреске бағыттадық. Келесі жылғы бюджетін тағы 30 пайызға қысқарттық. Сонда келесі жылы 4,5 млрд теңге болады", - деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу