Ордабасы тұрғындары қытайлықтардың зауыт салуына қарсы шықты

985

Болашақ кәсіпорында Шымкенттегі қорғасын зауыты қалдықтары өңделмек.

Ордабасы тұрғындары қытайлықтардың зауыт салуына қарсы шықты

Қытайлар Түркістан облысы Ордабасы ауданында қорғасын қалдықтарын өңдейтін зауыт салып жатыр. Аудан тұрғындары былтыр құрылысы басталған зауыт жұмысын мүлде тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қараша халықпен кездескенде бизнес өкілдері болашақ кәсіпорында Шымкенттегі қорғасын зауыты қалдықтары өңделетінін айтыпты. Қорғасын қалдығын пайдалану адам өміріне аса зиян, оның шайындысын жер астына да, өзен-суларға да тастауға болмайтынын айтады жұрт.

Шенеуніктер мен құзырлы орган өкілдерінен қайран болмаған соң, халық қоғам белсенділері мен заңгерлерге жүгініпті.

Көпшілік экология мамандарына шағым түсірген соң, сот зауыт құрылысын уақытша тоқтату туралы шешім шығарды. Алайда, меншік иелері 10,5 гектар жерді қоршап алып, құрылысты бастап кеткен.

Бұл мәселеден әкімдік өкілдері де хабардар. Алайда, зауыт иелері жарты жылға жуық уақыт әкімдік өкілдерін әуре-сарсаңға салса да, әлі күнге кәсіпорынның экологиялық тұрғыдан зиян, не зиян еместігін дәлелдейтін құжатын көрсетпеген.

Жауаптылар сөзіне қарағанда қытайлықтар жергілікті тұрғыннан жер телімін нысаналы мақсатын өзгертілген күйде, былтыр дап-дайын етіп сатып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу