ОРЕС қоры еліміздегі жобаларға 400 млн доллар бөледі

285

Бүгін депутаттар тиісті құжатты қарады. 

ОРЕС қоры еліміздегі жобаларға 400 млн доллар бөледі Фото: canva.com

Мәжіліс 2024 жылы 4 қыркүйекте Астанада қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келісімге 2024 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласында қол қойылды. Құжаттың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру.

Негіздемелік келісім мыналарға бағытталған:

  •  инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін ОРЕС Халықаралық даму қорының қарыздар және (немесе) кепілдіктер беруі;
  •  ОРЕС Халықаралық даму қорының активтері мен кірістерін тікелей салықтардан босату; 
  •  валюта айырбастауға және қаражат аударуға мүмкіндік беру;
  •  ОРЕС Халықаралық даму қорының мәртебесі мен режимін айқындау, сондай-ақ оған артықшылықтар мен иммунитет беру;
  •  ОРЕС Халықаралық даму қорының және бенефициарлардың құқықтарын қорғау;
  •  дауларды төрелік сот арқылы реттеу.

"Бұл келісімде Қордың инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Үкімет кепілдігін талап етпей, 2,5-5 пайыз мөлшерлемемен несие беруі көзделген. Сол үшін Қордың активтері мен кірістері тікелей салықтардан босатылып, валюта айырбастау және қаражат аудару мүмкіндігі беріледі. Құжат сондай-ақ Қордың мәртебесі мен режимін айқындайды, оған артықшылық пен иммунитет береді, Қор мен бенефициарлардың құқықтарын қорғап, дауларды төрелік сот арқылы шешуді реттейді", – делінген хабарламада.

ОРЕС мәліметі бойынша, 2025-2030 жылдар аралығында елдегі түрлі жобаға 400 миллион долларға дейін қаражат бөлу жоспарланған.  

Халықаралық даму қоры 1976 жылы құрылған, оның штаб-пәтері Венада орналасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу