Өрескел заңбұзушылық бойынша 175 іс тіркелді – Ерлан Тұрғымбаев

884

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантин кезіндегі құқықбұзушылыққа қатысты мәлімдеме жасады. 

Өрескел заңбұзушылық бойынша 175 іс тіркелді – Ерлан Тұрғымбаев

"Жыл басынан бері көлікке қатысты нысандардан ПТР-тесті болмаған 3200 азамат карантинге жатқызылды. Күніне ПТР-тесті болмаған 150-ге тарта адам карантинге орналастырылуда. Карантин шараларының сақталуын қадағалау мақсатында мониторинг тобы жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері олар 9 мыңға тарта рейд шарасын өткізіп, 773 заңбұзушылықты анықтады. Заңбұзушылықтардың 77%-ы айтарлықтай құқықбұзушылыққа (маска тақпау, әлеуметтік қашықтықты сақтамау, санитайзерлердің болмауы) жатпайды. Өрескел заңбұзушылық бойынша 175 іс тіркелді. Атап айтқанда, 152 заңбұзушылық түнгі клуб, сауда орталықтары, мейрамханалар тарапынан жасалған", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Министрдің мәлімдеуінше, мобильді топтар Түркістан облысында заңбұзушылықты жиі тіркеген. 

"Жоғарыда аталған заңбұзушылықтардың 60% Түркістан облысында тіркелді", – деді ішкі істер министрі.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу