"Орган қызметкерлері тұрғын үйдің орнына ақшалай өтемақы таңдауға да құқылы"

1448

Парламент депутаттары органда қызмет ететін азаматтардың әлеуметтік, құқықтық және материалдық қорғалуы туралы заң жобасын қарады. Құжатқа сүйенсек, қызметкерлердің үй алуға және оны жекешелендіруге құқығы бар. Қызметкер қаза тапқан жағдайда оның құқығы отбасына беріледі. Мұны сенатор Дана Нұржігіт парламент кулуарында журналистерге айтып берді.

"Орган қызметкерлері тұрғын үйдің орнына ақшалай өтемақы таңдауға да құқылы"

"Сонымен қатар 10 жыл еңбек өтілі бар, мүгедек баласы бар азаматтар ешқандай қаржы жұмсамай үйді жекешелендіре алады", – деді Нұржігіт.

Ал мемлекеттен үй алуға құқығы жоқтар кім?

"Мертігу немесе ауыру салдарынан қызметтен босатылған кезде [тұрғын үйден бас тартып], бір жолғы ақшалай өтемақы алған болса, олар үйге мұқтаж емес адамдардың санатына жатады. Әрине, бас тартпаса, құқығы сақталады. Тұрғын үйді жекешелендірудің орыны ақшалай өтемақы алуды таңдауға да болады. Оны бұрын алынған ипотекасына немесе кооперативке үлескер ретінде жұмсауына болады", – дейді депутат.

Заң жобасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады. Сенат түзетулер енгізіп, мәжіліске жөнелтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу