Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде ауданның өзекті мәселелерінің бірі шағын аудандарды электрмен және сумен жабдықтау бойынша қызметтерінің сапасыз екенін хабарлады.
"Ерменсай" ЖШС қалалық сумен жабдықтау кәсіпорны "Водснаб". Бұрын бұл кәсіпорын "Орхан" ЖШС деп аталды.
"Ол өз атауын жиі өзгертеді. 2023 жылдың наурыз айында жүргізілген тексерулердің нәтижесінде табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті осы кәсіпорынның қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады. Тиісінше 120 млн теңге көлемінде айыппұл салынды", – Досаев.
Сонымен қатар, 20 маусымда Бостандық ауданының полиция басқармасы кәсіпорын тарапынан заңсыз әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді.
"Әкімдік жүргізген келіссөздерден кейін 2023 жылдың 26 маусымынан бастап қаланың балансына 4,4 км электрмен жабдықтаудың әуе желілерін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оны аяқтау 2023 жылдың тамызында жоспарлануда", - деп түйіндеді Ерболат Досаев.
Еске сала кетсек, аталған ауданда су жиі тоқтап қалады. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев "Орхан" ЖШС қатысты сот процесін қайта бастауға ықпал етті. Бірақ инженерлік коммуникацияларды қала балансына өтеусіз беру бойынша іс жүргізу әлі де жалғасуда. Табиғи монополиялар туралы Заңның 11-бабының 6-тармағында жазылған құқықты пайдалана отырып, Кәсіпорын тіркеу орнын Алматыдан Алматы облысы мен Астанаға тұрақты түрде өзгертіп алған.