Орман қорына бай алқапта ағаш өңдеу кенже қалып отыр

930

Орман қорына бай алқапта ағаш өңдеу кенже қалып отыр

Биылғы жазда Катонқарағай "ҚазӘуеОрманқорғау" бөлімінің қарамағындағы аумақта 21 рет дала өрті орын алған, деп хабарлайды altaynews.kz.

Ол аумаққа Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркі мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы, Үлкен Нарын, Күршім, Зайсан өңірлеріндегі орманды алқаптар кіреді. Барлығы 1 млн 336,4 гектар жерден өрттің шықпауын қарап отырған он шақты ғана адам. Оның бірі аға ұшқыш-қараушы, енді бірі өрт сөндіруші десант тобының нұсқаушысы, радиооператор және өрт сөндіруші десантшылар.

Катонқарағай, Марқакөл өңірлері орман қорына бай болғанымен, ағаш алуға қолайлы орындар аз. Көп бөлігі техника жетпейтін жерлерде. Ағаш өңдеу осы өңірлерде кенже қалып отырғаны да осыдан болса керек.

Жалпы, облыс бойынша ағаш дайындап, өңдейтін елуден астам ғана кәсіпорын бар. Олардың ішінде мардымды жұмыс істеп отырғандары саусақпен санарлық қана. Ал билетпен босатылған ағаштардың көп бөлігі отын ретінде ғана пайдаланылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу