Қазақстанда орман өртінің жиілеуіне байланысты орман өртін сөндіру станцияларын техникалармен жабдықтау тәртібі жаңартылмақ. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Егер бұған дейін аталған станциялар техникалардың тек 16 түрімен жабдықталса, енді олардың саны 23-ке дейін артады. Станциялар жабдықталатын жаңа техникалардың түрлеріне келесілер жатады:
Кіші орман патрульдік өрт кешені;
Ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон);
Аспалы қозғалтқышы бар моторлы қайық;
Аспалы қозғалтқышы бар моторлы қайықты тасымалдауға арналған тіркеме;
Жол талғамайтын орман өртін сөндіру көлігі;
Толық жетекті шасси базасындағы жолаушылар көлігі;
Тіркемелі өртке қарсы модуль (су таратқыш).