Орман өрті: Еділ Жаңбыршин отандық мобильді және тиімді хабарлау жүйелері керегін айтты

417

Орман шаруашылығы аумағында сапалы ұялы байланыс пен интернет жоқ.

Орман өрті: Еділ Жаңбыршин отандық мобильді және тиімді хабарлау жүйелері керегін айтты Фото: Мәжіліс

Депутат Еділ Жаңбыршин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында орман ішіндегі инфрақұрылымды жаңарту мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Орман аумақтарын өртке қарсы жабдықтауда орман ішіндегі инфрақұрылымды жаңалау және салу басты рөл атқаратынын да атап айтқым келеді. Орман ішіндегі жолдарды дамыту схемасы мен жоспарын әзірлеу қажет, бұл айрықша ауа-райы мен орман өрттері кезінде ормандағы өрт ошақтарына тез жетуді жеңілдетеді. Сонымен қатар өрттерді оқшаулау нүктелері туралы ақпаратты беру кезіндегі үлкен мәселе – орман шаруашылығы аумағында сапалы ұялы байланыс пен интернеттің болмауы", - деді мәжілісмен.

Сөзінше, орман шаруашылығы аумақтарында мобильді байланыспен және интернетпен қамту аймақтарын кеңейту қажет. 

"Отандық IT мамандарды тарта отырып, қымбат емес, өзімізде шығарылған мобильді және тиімді хабарлау жүйелерін әзірлеу керек. Бұл өрт ошақтарын бастапқы анықтау кезінде тиімді әрекет етуге және орман өрттерін мониторингілеу мен сөндіру барысында барлық қызметтердің өзара іс-қимылын арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті депутат Еділ Жаңбыршин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу