Испания Түркияға үш ұшақ жібермек. Олар елдегі орман өртін ауыздықтауға жұмылдырылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Испанияның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
2 тамызда Даламан қаласына (Мугла провинциясы) біреуі, 3 тамызда қалған екеуі жеткізіледі. Сондай-ақ Түркияға 27 әскери қызметші, нақтырақ айтқанда, 22 экипаж мүшесі және төтенше жағдай жөніндегі әскери бөлімнің бес маманы аттандырылды.
"Испания үкіметі апаттың құрбандарына, Түркияға және өрт сөндірумен айналысып жатқан мамандарға осылай қолдау көрсеткісі келеді", – деп жазылған ведомство хабарламасында.
Түркияның ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Бкир Пакдемирлидің айтуынша, соңғы күндері орман өртінің 125 ошағы жойылған, Анталия мен Мугла курорттық провинцияларындағы қызыл жалын ауыздықталмады. 1 тамызда денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа тілсіз жау құрбандарының саны 8-ге дейін, жарақат алғандардың саны 864-ке дейін өскенін мәлім етті.
Табиғат Нұрболат