Орман өрттерін жедел анықтау жүйесі қай аймақтарда жұмыс істеп тұр?

214

Осындай жүйелер "Бурабай", "Көкшетау", "Медеу" табиғи парктерінде және "Ертіс орманы" резерватында бар. 

Орман өрттерін жедел анықтау жүйесі қай аймақтарда жұмыс істеп тұр? Фото: freepik

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман өрттерін жедел анықтау үшін жаңа технологияларды енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Мәселен, Беларусь Республикасында ормандардың аумағы ерте анықтау жүйесімен толық қамтылған. Соның арқасында орман өрттерінің орташа көлемі 2020 жылғы 10 гектардан өткен жылы 0,4 гектарға дейін азайды. Қазақстанда осындай жүйелер "Бурабай", "Көкшетау", "Медеу" табиғи парктерінде және "Ертіс орманы" резерватында жұмыс істейді", - деді ведомство басшысы.

Орман өрттерін ерте анықтау жүйелерінен алынған деректер биыл министрлік жанынан құрылатын Ахуалдық орталыққа берілетін болады. 

"Жүйелерді енгізу жұмыстарын Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының өрт қауіпті аймақтарында және "Семей орманы" резерватында жалғастыру қажет. Резерватқа 2025 жылғы 4,1 млрд теңгеге тиісті өтінім Қаржы министрлігіне енгізілді", - деді Ерлан Нысанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу