Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"2023-2025 жылдары орман шаруашылығы саласындағы жұмыскерлердің жалақысын кезең-кезеңімен 2 есеге өсіру мәселесі пысықталып жатыр", - деді Әлихан Смайылов Сенат депутатының сауалына жауабында.
Сонымен қатар, орман шаруашылығы саласында жоғары оқу орнынан кейін мамандарды даярлау мәселесі бойынша осы оқу жылына "өсімдіктер әлемі туралы" және "орман шаруашылығы" білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистрлерді даярлауға 270 грант және РһD докторларын даярлауға 28 орын ескерілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу