Орман шаруашылықтары бір жылда өнім шығару көлемін 4%-ға арттырды

767

Қызметтердің 89%-ы орман шаруашылығына, 11%-ы ағаш дайындауға тиесілі. 

Орман шаруашылықтары бір жылда өнім шығару көлемін 4%-ға арттырды

2020 жылы орман шаруашылығында 15,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Саладағы өсім – 4,3%. Өндірістің басым бөлігі Түркістан облысына тиесілі: 2,2 млрд теңге, бір жылда өндірістің көлемі 5 есе артқан. Үздік үштікке Ақмола облысы мен елорда енді. Ең аз өнім Атырау облысында өндірілген: 5,3 млн теңге.

Өнімнің негізгі көлемі орман шаруашылығына тиесілі: 14 млрд теңге. Бұл көрсеткіш құндық мәнде өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға артық (нақты өсім – 5,2%). Оның ішінде 11,6 млрд теңге саладағы қызметтерге, 1,6 млрд теңге – сүрек дайындауға, 666,7 млн теңге – орман тәлімбағы қызметіне, 181,1 млн теңге – орман ағаштарының тұқымын дайындауға жұмсалды.

Тағы 11,3% ағаш дайындау қызметіне тиесілі: 1,8 млрд теңге – өткен жылмен салыстырғанда 0,2%-ға аз (нақты құлдырау – 2,3%).

Оның ішінде 1,4 млрд теңге өңделмеген сүрек пен басқа да өнімдерді дайындауға, 384,2 млн теңге ағаш дайындау саласындағы қызметтерге жұмсалды.

2021 жылғы бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орман шаруашылығы өнімі, ағаш дайындау мен осы салалардағы көрсетілетін қызмет бағасы бір жылда 1,7%-ға өсті. Оның ішінде өңделмеген сүрек 4,3%-ға, орман шаруашылығында көрсетілетін қызметтер 0,5%-ға қымбаттады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу