Орманда адасып кеткен шаңғышы құтқарылды

2231

Оны орманға жақын жердегі омарташылар тауып алған.

Орманда адасып кеткен шаңғышы құтқарылды

Риддер маңындағы қалың орманда екі күн бұрын адасып кеткен 50 жастағы ШҚО тұрғыны құтқарылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шаңғы тебемін деп шыққан азамат, қайтар жолда бағытынан жаңылып қалған.

"Орманнан шығар жол таппай қатты қалжыраған оның шырша түбінде отыра кеткеннен басқа амалы да қалмаған. Абырой болғанда адасып жүрген шаңғышыны маңайдағы омарташылар тауып алып, ыстық шәй берген", – дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Шығыс аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Валентин Титаренконың айтуынша, омарта Риддерден 25 шақырым қашықта. Жол жоқ. Адасқан шаңғышыны моторлы шанамен алып қайтуға тура келген. Қазір емханада жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу