Орманды қалпына келтіру үшін 5 жыл қажет

756

Қостанай облысында еліміздің барлық құтқару қызметі осымен үшінші күн тілсіз жаумен арпалысып жатыр.

Орманды қалпына келтіру үшін 5 жыл қажет

Қызыл жалын 2 қыркүйекте сағат түскі үште Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерден бастау алған. Соққан желдің кесірінен от алдымен орман алқаптарына дейін жетіп, кейін бой бермей кетті. Салдарынан Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елдімекендеріне қауіп төнді. Сегіз өрт ошағы пайда болды. Бүгінде үшеуінің көзі жойылып, жағдай аз да болса тұрақталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Өртті сөндіру үшін 159 бірлік техника, 5 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 1 332 адам жұмылдырылып, үздіксіз әрекет етуде.

Өкінішке қарай апат салдарынан 1 адам көз жұмып, 10 адам зардап шекті. Олар жеңіл және орташа ауырлықта жараланған, күйген және уланған. Бүгінде төртеуі аудандық орталық ауруханада, алтауы тексерістен кейін көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген.

Ең қиыны айналдырған үш күннің ішінде күлге айналған орманды қалпына келтіру үшін 5 жыл уақыт қажет дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу