Елімізде орман қорын молайту және жасыл алқаптарды қалпына келтіру шаралары қолға алынған. Осы бағытта ашық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың 3 миллион көшетін отырғызу көзделіп отыр.
Жоба "Самұрық-Қазына" АҚ-мен жасалған келісім аясында іске асырылуда. Бастаманы жүзеге асыруға 300 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.
Жобаның басты міндеті – орман алқаптарын қалпына келтіру, олардың аумағын кеңейту және табиғи экожүйелердің сақталуына үлес қосу.
Мамандардың айтуынша, қарағай көшеттерін отырғызу арқылы жаңа орман алқаптарын қалыптастыруға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін сақтауға және қоршаған ортаның тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік туады.