"Орманға апарып сойған": Ақтөбе облысында мал ұрылары қылмыс үстінде ұсталды

414

Күдіктілердің бірі ұрланған жылқының етін сол жерде бөліп жатқан сәтінде қолға түсті.  

"Орманға апарып сойған": Ақтөбе облысында мал ұрылары қылмыс үстінде ұсталды Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы (ҰҚҚКБ) қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлады деген күдікпен екі азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анықталғандай, күдіктілердің бірі жайылымда жүрген жылқыны орман алқабына қарай айдап апарып, сол жерде сойған.

Ал екінші күдікті делдал рөлін атқарып, етті алып кетіп, қала базарларының бірінде сатуды жоспарлаған.

Оқиға орнынан полиция қызметкерлері жылқының сойылған еті мен күдіктілер пайдаланған көлік құралдарын мотоцикл мен жол талғамайтын автокөлікті тәркіледі.

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу