"Орманымыз оталып жатыр" - Шығыс Қазақстанда ағаштар заңсыз кесілуде

631

Кесілген ағаштың жалпы көлемі - 25,23 текше метрді құраған. 

"Орманымыз оталып жатыр" - Шығыс Қазақстанда ағаштар заңсыз кесілуде Фото: Altaynews парақшасынан

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында белгісіз біреулер ағаштар заңсыз кескен. Жергілікті тұрғындар оталған орманды видеоға түсіріп, құзырлы органдардан көмек сұрауда. 

Дәлірек айтқанда оқиға Ұлан ауданы Тарғын ауылдық округіне қарасты Тарғын өзенінің бойында болған. Белгісіз адамдар қураған ағаштармен қатар, жас ағаштарды да кесіп, орманға зор зиян келтірген. 

- Орманымыз оталып жатыр. Тоқтау салар біреу бар ма? Қурамаған ағаштарды түгел қиып тастапты. Ешкімнің жаны ашып жатқан жоқ, - дейді видео авторы. 

Мәселе әлеуметтік желіге жарияланған соң Аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері заңсыз ағаш кесу фактісін тіркеген.

- Кесілген ағаштардың саны 21-ге жетті. Ағаштарды қайта санау жүргізілгеннен кейін заңсыз кесілген ағаштың жалпы көлемі - 25,23 текше метрді құрап, табиғатқа келтірілген залал 87 мың теңгені құрағаны анықталды, - деп хабарлады мемлекеттік инспекторлар.

Аталған мәселемен қазір Ұлан ауданының полиция бөлімі айналысып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу