Ормуз бұғазындағы жағдай мұнай бағасын құлдыратты

187

Әлемдік мұнай бағасы 16 қазан таңертең төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ормуз бұғазындағы жағдай мұнай бағасын құлдыратты Фото: Sputnik / Илья Питалев

Brent, WTI маркалы мұнай мен ресейлік Urals мұнайы шикізат пен мұнай өнімдерін жеткізудегі қиындықтар аясында арзандады.

Сауда мәліметтеріне сәйкес, Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,56 долларға немесе 0,53%-ға төмендеп, барреліне 105,36 доллар болды.

Oilprice.com мәліметінше, WTI маркалы мұнай 0,68 долларға немесе 0,69%-ға арзандап, барреліне 97,29 долларға түсті.

Ал ресейлік Urals мұнайының бағасы 3,26 долларға немесе 2,76%-ға төмендеп, барреліне 114,89 долларға жетті.

Сонымен қатар Ормуз бұғазындағы жағдай мұнай өнімдері нарығына әсер етуді жалғастырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу