Өрт 20 маусымға дейін оқшауланады – ТЖМ

409

Министрлік резервінде су төгетін тікұшақтың 16-сы ғана өртті сөндіруге қатыса алады.

Өрт 20 маусымға дейін оқшауланады – ТЖМ Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысындағы алапат өртті бес күн ішінде оқшаулау жоспарлануда. Бұл туралы Төтенше Жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Оның сөзінше өртті өшіру үшін Министрлік резервінде су төгетін 33 тікұшақ бар. Алайда олардың тек 16-сы ғана өртті сөндіруге қатыса алады.

"Қалғандары іздеу жұмыстарына, барлауға арналған. Бірақ олардың барлығы әуеге көтеріле алмайды. Өйткені әрдайым жартысына жуығы жоспарлы жөндеуден немесе техникалық тексерістен өтеді", - деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.

Вице-министр елімізде неге өртті сөндіруге арналған ұшақ жоқ деген сұраққа да жауап берді. Ибрагим Күлшімбаевтың айтуынша, арнайы ұшақтар алу үшін ақша жоқ. Бюджеттік өтінім берілген көрінеді. Бірақ оған бюджеттен қаржы қарастырылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу