Өрт аймағына 264 тоннаға жуық су құйылды

484

Түрлі ведомстводан 786 маман, 187 бірлік техника және 9 тікұшақ жұмылдырылды.

Өрт аймағына 264 тоннаға жуық су құйылды Фото: ҚР ТЖМ

8 маусым сағат 18:00-ден бастап Абай облысы Бородулиха ауылында орналасқан Островский атындағы мектеп пен колледж ғимараттарында екі эвакуациялық пункт ұйымдастырылды. Бұл орталықтар 350 адамға дейін қамтиды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ӨКМ-нің 43 қызметкері және 13 арнайы техника жіберілді.

Сонымен қатар, өрттің таралуын болдырмау үшін орман аймағына іргелес көшелер, соның ішінде Тәуелсіздік көшесі, Оңтүстік және Пионерская ш/а жыртылды.

Өрт орнында түрлі ведомстволардан 786 маман, 187 бірлік техника және 9 тікұшақ жұмылдырылды. Бүгін таңертең сағат 5:35-тен бастап тікұшақтардан жалпы көлемі 263,5 тонна болатын 93 рет су ағызылды.

ТЖМ басшылығының бұйрығымен өртпен күресу үшін қосымша күш жіберілді:

  • ШҚО ТЖД - 15 адам және 5 бірлік техника, 5:40-та келді.
  • Қарағанды ТЖД - 29 адам және 6 бірлік техника, 17:40-та шығып, Бородулихаға 11:00-де келді.
  • Астана ТЖД - 68 адам және 12 бірлік техника, 17:55-те шығып, Каштак орманына 10:35-те келді.
  • Астана ТЖД - 21 адам және 5 бірлік техника, 21:48-де кетіп, Семей қаласына 9:20-да келіп, 10:52-де Бородулихаға қарай бет алды.
  • ТЖ министрі ТЖМ күштері мен мүмкіндіктерін Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарынан қосымша жіберуді бұйырды.

"Семей қаласында жағдай қиындаған жағдайда, оның алдын алу үшін 5 өрт сөндіру автоцистернасынан және 1 вахтадан тұратын қосымша колонна дайындалды. Астана, Боралдай, Қызылорда қалаларынан қосымша Ми-8 тікұшақтарын және Көкшетаудан Eurocopter EC145 көп мақсатты тікұшағын өрт орнына жіберу жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Еске салайық, өрттің таралу қаупіне байланысты Семей қаласының әкімі табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу