Өрт қауіпсіздігі: Астанадағы бизнес субъектілерінде 4 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді

446

Бақылау субъектілеріне бір жылда 2567 ақпараттық хат таратылған.  

Өрт қауіпсіздігі: Астанадағы бизнес субъектілерінде 4 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді Фото: gov.kz

Елордалық құтқарушылар кәсіпкерлік субъектілері арасында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмысын үнемі жүргізіп отырады. Анықталған бұзушылықтар мен профилактикалық жұмыстар туралы онлайн-брифингте қалалық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Қаланың төтенше жағдайлар департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі өрттің және олардың кәсіпкерлік нысандардағы зардаптарының алдын алу болып саналады.

"Жалпы қабылданған шаралардың арқасында өрт қауіпсіздігі бойынша дайындықтан өткен тұрғындар саны 1,6 есеге артты, дайындық жүйесіне барлығы 123 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Өрттердің ауқымы мен санын азайту бойынша мемлекеттік өрт бақылау маңызды рөл атқарады", - деді спикер.

Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігі желісі бойынша 1069 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 4195 бұзушылық анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 352 адам тартылды, оның 188-іне 15 млн 782 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша мемлекеттік өрт бақылау органдарының заңды талаптарын орындамаған субъектілерге қатысты Астана қаласының мамандандырылған халықаралық әкімшілік сотына 47 әкімшілік іс берілді.

"Бизнес объектілерінде анықталған негізгі бұзушылықтар ғимараттар мен құрылыстарды, эвакуациялау жолдарын, электр қуаты желісін, өрт автоматикасы және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін күтіп ұстау, аумақты күтіп ұстау және өртке қарсы режим кезінде жіберілген бұзушылықтар болып саналады", - деп атап өтті басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу