Өрт қауіпсіздігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық саны бір жылда 18%-ға артты

758

Биылғы қаңтар-ақпан айларында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау саласында 47 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. 

Өрт қауіпсіздігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық саны бір жылда 18%-ға артты Фото: google

Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда  17,5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz  finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Республика бойынша сектордағы ең көп құқық бұзушылықтар Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: 6 жағдай.

Антилидерлер қатарында Ақтөбе облысы (5 жағдай), Астана (5 жағдай), Шымкент (4 жағдай), Жетісу облысы (4 жағдай) бар. Құқық бұзушылықтардың жартысы аталған өңірлерге тиесілі.

Құқық бұзушылықтар елдегі 20 аймақтың 17-сінде тіркелді. Абай, Қостанай, Ұлытау облыстарында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылушылығы анықталмады.

Сектордағы әкімшілік құқық бұзушылықтар сегментіне келсек, 2022 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша 24,4 мың бұзушылық (техникалық талаптардан бөлек) анықталды.

Тағы 1,9 мың жағдай көліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзумен, 565-і қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаумен, ал 525 жағдай ормандардағы өрт қауіпсіздігі және санитариялық ережелерді бұзумен байланысты болды.

Ресурстың жазуынша, 372 жағдай су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін пайдалану қағидаларын бұзумен байланысты болса, бұдан басқа өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде (17), өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жарылу-өрт қаупi және өрт қаупi бар өнiмдi шығару және өткiзу (1) жағдайлары да тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу