Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағандарға 10 млн теңге айыппұл салынған

990

2021 жылғы қаңтар-қазанда мемлекеттік инспекторлар газбен жабдықтау нысандарында 100-ден аса тексеріс жүргізген. 

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағандарға 10 млн теңге айыппұл салынған

Биыл 10 айда газды пайдалану ережесін сақтамаған қазақстандықтарға 10 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол министрлік газ баллоны жарылысының алдын алу үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

"2021 жылғы 10 айда Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өңірлердегі мемлекеттік инспекторлары газбен жабдықтау нысандарында 100-ден аса тексеріс жүргізді. Оның ішінде 66 тексеріс ерекше тәртіп бойынша, 37 тексеріс жоспардан тыс жүргізілді. Тексерістің қорытындысы бойынша газбен жабдықтау талабын орындамау бойынша 1053 заңбұзушылық анықталды", - деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Мереке Пішембаев тексерістен соң 76 әкімшілік іс қозғалып, 13 жеке тұлға, 63 заңды тұлға жауапқа тартылғанын атап өтті.

"Оларға 10 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деді министрдің орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу