Өрт қауіпсіздігі талаптары жиі бұзылған өңірлер белгілі болды

607

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, жыл басынан бері елімізде 9647 өрт тіркелген. Салдарынан 249 адам қаза тауып, 212-сі түрлі дәрежедегі күйіктер алып, уланып қалған болатын.  

Өрт қауіпсіздігі талаптары жиі бұзылған өңірлер белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Биыл қаңтар-қазан айларының қорытындысына сәйкес, елімізде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау саласында 41 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 30,5%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың сәйкес кезеңінде елде 59 құқық бұзушылық тіркелді.

Өңірлік бөліністе Шымкентте өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы жиі тіркелді (6 жағдай). Антилидерлер қатарында Астана қаласы (5 жағдай) мен Ақмола облысы (4 жағдай) бар.

Аталмыш саладағы құқық бұзушылықтар республиканың 20 өңірінің тек 15-інде ғана тіркелді. Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтары анықталмады.

Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы салдарынан 75 адам зардап шекті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,8%-ға аз. Олардың басым бөлігі – әйелдер (48). Жәбірленушілердің қатарында кәмелеттік жасқа толмаған 1 бала мен 4 зейнеткер де болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу