Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 3 мыңға жуық адам жауапкершілікке тартылды

632

Жыл басынан бері 25 мыңға жуық өрт қауіпсіздігі талабын бұзушылық анықталған.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 3 мыңға жуық адам жауапкершілікке тартылды Фото: ҚР ТЖМ

"Жыл басынан бері аумақтық бөлімшелер 2 750 объектіде өрт қауіпсіздігі желісі бойынша профилактикалық бақылау жүргізді, жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының 25 000-нан астам бұзушылықтары анықталды. Кез келген бұзушылық адамдардың қауіпсіздігіне әсер етеді", делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша "таза парақтан" жаңа реттеуші саясатының енгізілуіне байланысты субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, бұл ретте әкімшілік практика желісі бойынша жұмыс жоспардан тыс тексерулер кезінде және өрт бойынша бұзушылықтар болған жағдайларда жалғасады.

Мәселен, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін (өрт фактілері бойынша, шағымдар бойынша, рейдтер барысында және т.б.) 2 819 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: ескерту түрінде – 2 461, айыппұл түрінде – 13 млн. теңгеден астам сомаға 358 тұлға.

Бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін, мысалы азаматтардан келіп түскен шағымдар бойынша сот органдарына ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы 49 хаттама жіберілді.

"Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда ескерту жасалатынын, ал қайталанған жағдайда айыппұлдар қолданылатынын атап өткен жөн.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша өртке қарсы іс-шараларды орындау мерзімдері, сондай-ақ оларды орындамағаны үшін жауапкершілік көрсетілген нұсқамалар беріледі.

Белгіленген өртке қарсы іс-шаралар жойылмаған жағдайда әкімшілік материалдар сот органдарына жіберіледі. Нұсқаманы орындамағаны үшін объектінің қызметі тоқтатыла тұрғанға дейін бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделген", делінген хабарламада.

Бақылау нәтижелері бойынша ең көп таралған бұзушылықтар: автоматты өрт дабылының болмауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі, терезелерге торларды орнату, қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан немесе зақымдалған оқшаулағышы бар электр сымдарын пайдалану, эвакуациялық жолдардың бітелуі болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу