Өрт қауіпсіздігін бұзған: Биыл 2,4 мың адам жауапқа тартылды

553

Биыл еліміздің орман алқабында 746 өрт болды.

Өрт қауіпсіздігін бұзған: Биыл 2,4 мың адам жауапқа тартылды Фото: inbusiness.kz

Жыл басынан бері 64 902 гектар алқапта 49 дала өрті тіркелді, 1 815 дала өрті 16 370 гектарды құрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, ТЖМ әкімдіктермен және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, халықтың ормандар мен дала алқаптарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауын, ауыл шаруашылығы ұйымдарының өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауын қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алды.

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері орманды-дала алқаптары мен демалыс орындарында 11 162 бірлескен рейд жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 2 383 адам рұқсат етілмеген жандыру, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөпті бақылаусыз өртеу, аңызды жағу және өрт қауіпсіздігі қағидаларын басқа да бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 38 млн.теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өртке қарсы тақырыпта шаруа қожалықтары бойынша жұмысшылар мен басшыларға нұсқаулықтар жүргізіліп, алғашқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғы тексеріледі, ұсынымдары бар арнайы жадынамалар таратылады.

Мәселен, 2 627 жиын, 38 665 нұсқама, жалпы саны 230 мыңнан астам адамды қамтитын 1 570 дөңгелек үстел өткізілді.

Жергілікті атқарушы органдардың табиғатты қорғау және орман мекемелерімен 390 өрт-тактикалық сабақтар (оқу-жаттығулар) өткізілді.

Табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз:

- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыз;

- орман және дала алқаптарында от жағуға болмайды;

- табиғатта демалғаннан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті шоғырландырып, өртеп жіберуі мүмкін;

- жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;

- табиғи өрттер туындаған жағдайда 101, 112 телефондары бойынша өртке қарсы қызметке дереу хабарлау қажет.

"Рұқсат етілмеген өртеулеру, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөпті бақылаусыз жағу, аңызды жағу және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назар аударыңыздар", делінген ТЖМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу