Қарағанды қаласында болған өртте адамдарды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Руслан Түсіпов, Ерасыл және Қанат Смағұловтар "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімі ағайынды Смағұловтар оқитын №12 мектепте өтті.
Мектеп жиынында мектеп оқушылары мен педагогтарының қатысуымен Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов батырларға ведомстволық медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Өз кезегінде облыстың білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова оқушыларға Білім министрінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыс етті.
"Жігіттер нағыз батылдық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұған бәрі бірдей батылдық таныта алмайды, бұл батылдық пен шешімділікті қажет етеді. Балаларын дұрыс тәрбиелеген батырлардың ата - аналарына алғыс айтамыз", - деді ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов.
Ол сондай-ақ өрт кезіндегі балалардың іс-қимылдарының дұрыс реттілігін атап өтті.
Еске сала кетсек, 23 қаңтарда Сұрыптау бекетіндегі Жеңіс көшесінде тұрғын үйге бекітілген қазандықта өрт шықты. Осы кезде көрші үйде тұратын № 12 мектеп оқушылары Ерасыл мен Қанат Смағұлов егде жастағы көршісіне аулаларын қардан тазартуға көмек көрсетіп жүрген. Олар қазандықтан шыққан түтінді көріп, көмекке жүгірді. Ағайындылар үйге жүгіріп бара жатқанда, қожайындары - егде жастағы ер мен әйел адам екенін байқаған.
Жасөспірімдер абдырап қалмай, екі зейнеткерге таза ауаға шығуға көмектесті, олардың бірі балдақпен қозғалады. Балалар киім-кешек пен құжаттарды да шығарып үлгерді. Көршісі Руслан Түсіпов көмекке шақырылып, өрт сөндірушілер шақырылып, өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін өртті қолда бар құралдармен сөндіре бастады. Ағайынды Смағұловтар мен олардың көршісі Русланның сауатты әрекеттерінің нәтижесінде екі адам құтқарылды, өрттен келтірілген залал барынша азайтылды.
Қарағанды облысының ТЖД қызметі өрт шыққан кезде бірінші кезекте өрт туралы 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет екенін еске салады.