Өрт кезінде өмірін құрбан еткен жандар мемлекеттік наградаға ұсынылады

429

Абай облысында өтіп жатқан жедел штабтың отырысында Мемлекет басшысы алдағы міндеттерді нақтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт кезінде өмірін құрбан еткен жандар мемлекеттік наградаға ұсынылады Фото: sputnik.kz

"Қазіргі басты міндет – адам өмірін сақтап қалу. Сондай-ақ, өртті тоқтатып, елді-мекендерге таралуына жол бермеу. Өрт қаупі бар жерден көшірілген тұрғындарды қауіпсіз мекенге орналастырып, оларға қажетті жағдай жасау керек. Қатердің беті қайтқан соң, залалдың көлемін шұғыл анықтау қажет. Зардап шеккен тұрғындардың бәріне қолдау көрсетіледі. Мен жаңа ғана азаматтармен кездестім, уәде бердім. Сондықтан берілген уәдені міндетті түрде орындауым керек. Қаза болған азаматтардың отбасына және зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу мәселесін шешуді тапсырамын. Бұл мәселеде созбалаңға салу мүлдем болмауы керек. Алапат өрт кезінде өмірін құрбан еткен жандар мемлекеттік наградаға ұсынылсын. Сондай-ақ, бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастау қажет", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу