Өрт салдарынан 500-ден астам адам эвакуацияланды

178

Новороссийск маңындағы өрттің салдарынан 500-ден астам адам алты демалыс орталығынан эвакуацияланды.

Өрт салдарынан 500-ден астам адам эвакуацияланды Фото: Pixabay.com

Бір уақытша орналастыру пункті іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Краснодар өлкесіндегі жедел штаб хабараламасына сілтеме жасап. 

Жексенбіде ТЖМ үш гектар аумақты алатын Дюрсо фермасы ауданындағы орман алқабы мен шөптің өртенгені туралы хабарлады. Өрт "Көк толқын" демалыс базасының аумағында шарпыған. Кейін ол толығымен сөндірілді. Алайда орман әлі де жанып жатыр, өрт 62 гектар аумаққа таралды. Оқиға орнына Ка-32 және Ми-8 тікұшақтары жіберілді. 

Новороссийскіде төтенше жағдай режимі енгізілді. Жексенбі күні кешке орман өрті "Теңізші", "Романтик", "Фрегат" демалыс базаларына тарады, онда адамдар алдын-ала эвакуацияланды.

Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк "орман екпелерін жою/зақымдау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

400 адамға арналған үш уақытша орналастыру пункті дайындалды: Глебовский ауылының мектебінде, Абрау-Дюрсо ауылындағы тағы бір мектеп пен шарап зауытының базасында. Қосымша эвакуация жағдайында қосымша пункттер дайындалғаны атап өтілді.

"Өрттің салдарынан Новороссийск маңындағы Дюрсо фермасындағы демалыс орталықтарынан 500-ден астам адам эвакуацияланды", - деп хабарлады жедел штаб.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу