Өрт салдарынан үш отбасы баспанасыз қалды

1502

Өрт салдарынан үш отбасы баспанасыз қалды

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданы Ершов ауылында төрт пәтерлі үй өртеніп кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Қызыл жалын 75 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт кеше сағат 22:40-те басталып, таңғы 03:20-да толық сөндірілді деп хабарлайды облыстық ТЖД қызметі.

Қазір оқыс оқиғаның себебі және келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталып жатыр. Үйдің тұрғындары туыстары мен көршілерінің баспаналарына уақытша көшірілді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу