banner

Өрт шалған аймақтан "Балдәурен" лагеріне оқушылардың алғашқы легі келді

645

Қазір 11 оқушы лагерьге орналастырылған, олар мұнда оқып, емделеді.

Өрт шалған аймақтан "Балдәурен" лагеріне оқушылардың алғашқы легі келді

Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары Щучинск қаласындағы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру лагеріне келе бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Балдәуренге" Қостанай облысының тұрғын үйлері өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары қабылданады. Лагерьге ата-аналарының келісімімен баспанасы бүлінбеген, бірақ қауіпсіздік мақсатында өрт қауіпті аймақтардан көшірілген отбасылардың балалары да келе алады. 

"Сондай-ақ Алматыдағы бастауыш сынып оқушыларына бағытталған "Бөбек" оқу-сауықтыру орталығы да бастауыш сынып оқушыларын қабылдауға дайын. Балаларға күнделікті мәселелерді шешкенге дейін осында сауықтырудан өтуге және лагерьдегі мектепке баруға ыңғайлы болады. Оларға қолайлы жағдай жасалған", – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу