Өрт шалған пәтердің тұрғыны бесінші қабаттан секірді

908

Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Өрт шалған пәтердің тұрғыны бесінші қабаттан секірді

Павлодардағы Назарбаев даңғылы, 3/1 мекенжайы бойынша бір бөлмелі пәтерден өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Сағат 11.10-де 15 шаршы метрде үй жиһаздары жанған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін пәтер жалдап тұратын ер адам бесінші қабаттың балконынан секіріп кеткен. 1975 жылғы тұрғын түрлі жарақаттармен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен 7 адам сыртқа шығарылды. Қалған 29 адам өздігінен шықты. Оның бесеуі – бала. Өрт сағат 11.30-да сөндірілді. Оқиға орнында № 4, № 1 өрт сөндіру бөлімдері жұмыс істеді",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу