Өрт шыққан үйден 4 баланың денесі табылды

453

Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.

Өрт шыққан үйден 4 баланың денесі табылды Фото: Inbusiness.kz

25 қазанда сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде түтін шыққандығы туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы жедел жетті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр аумақта жиһаздар мен жеке заттары жанғанын анықтады. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.

Оқиға орнынан төрт баланың денесі табылды.

Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу