Өрт сөндіретін бір дронның бағасы 120 млн теңге маңайында – министр

171

Отандық фирма Қытайдың дронын өндіретін болады. 

Өрт сөндіретін бір дронның бағасы 120 млн теңге маңайында – министр Фото: dronomania

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған дронның бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер Астанада биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған дронның бағасын сұрады.

"Бұл – пилоттық жоба. Өзіміздің қазақстандық фирма Қытайдың дронын өндіреді. Бір дронның бағасы – 120 млн теңгенің маңайында. Оның ерекшелігіне келсек, дрон 150 метрге дейінгі биікке көтеріліп, өртті сөндіре алады. Оны кез келген өрт сөндіру көлігіне жалғап, қанша уақыт қажет болса – сонша өрт сөндіру жұмысын атқара алады. Бұл біз үшін алғашқы тәжірибе. Әрі қарай оны жетілдіріп, Алматыдағы және биік ғимараттары бар қалаларға оларды енгізетін боламыз. Бұл әлемдік тәжірибе деп айтсақ болады", – деді Шыңғыс Әрінов.

Ведомство басшысының айтуынша, дронды отандық өрт сөндірушілер басқаратын болады.

"Фирма келісімшарт бойынша біздің қызметкерлерді үйрететін болады", – деп толықтырды министр.

Айта кету керек, осыған дейін биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған 2 дрон сатып алынатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу