Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәселені шешу үшін қандай шара қолданылып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Өңірлерде 15 өрт сөндіру депосы мен 1 құтқару станциясының құрылысы басталды. Бұған қоса Ақмола, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарында 8 өрт сөндіру депосын, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында 3 құтқару станциясын, сондай-ақ Батыс Қазақстан өңірінде әскери бөлім құрылысын қолға алу жоспарланып отыр", – деді Юрий Ильин.
Министрдің мәлімдеуінше, азаматтық қорғау қызметін инновациялық-техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру қажет.
"Біз кәсіби авариялық-құтқару қызметін жарақтандыру нормасын қайта қараймыз. Өрт сөндіру-құтқару техникасының құрамы мен пайдалану мерзімін оңтайландырамыз. Нәтижесінде құтқару техникасының заманауи түріне қол жеткіземіз", – деді Юрий Ильин.
Қанат Махамбет