Өрт сөндіру-құтқарудан Әлем чемпионаты аяқталды

709

Қарағанды қаласының "Шахтер" стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XVI Әлем Чемпионатының және әйелдер арасында VII әлем чемпионатының салтанатты жабылуы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру-құтқарудан Әлем чемпионаты аяқталды

1-5 қыркүйек аралығында кәсіби спорт түріндегі біріншікте тоғыз елден 14 команда  жарысты.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар шабуыл сатысымен көтерілуден, 100 метрлік кедергілер жолағынан өтуден, жауынгерлік қанат жаюдан және 4-тен 100 метрге дейінгі өрт эстафетасынан жарысты.

Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында жалпы есепте Беларусь Республикасының құрама командасы әлем чемпионы атанды. Екінші орынды Ресей Федерациясының құрамасы жеңіп алды. Үздіктер үштігін Чех Республикасының командасы түйіндеді.

Жалпы есепте ерлер арасында Беларусь Республикасының құрама командасы әлем чемпиондары атанды. Екінші орында Чех Республикасының командасы. Құрметті үшінші орынға Ресей Федерациясының командасы иеленді.

Жеке және командалық сынақтың жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаз командалар кубоктармен марапатталды.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша келесі Әлем чемпионаты 2022 жылы Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында жоспарланған. Қазақстан құрамасы өзбекстандық әріптестеріне Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының туын табыс етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу