Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы фильм қыркүйекте жарыққа шығады

931

Шындыққа негізделген "Қаһарман" телесериалы 16 бөлімнен тұрады.

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы фильм қыркүйекте жарыққа шығады Фото: inbusiness.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында фильмнің түсірілім алаңына барғанын жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Фильмде қаһарман өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің рөлін актер Жандос Сейдалин сомдайды.

"Соңғы жылдары елімізде сериал өндірісі, креативті индустрия дамып жатқанын білесіздер. Бізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналарға сатып алуда. 

Сондай фильмнің бірі - қалтарыстағы қаһарманды, тасадағы тұлғаны, арамызда жүрген бүгінгінің батырларын арқау ететін “Қаhарман” атты телеөнім. Мемлекет басшысы тапсырғандай қарапайым еңбек адамын насихаттауды мақсат еткен телесериалдың басты кейіпкері - өткен жылы ғана тілсіз жаумен арпалысып, үш адамның өмірін құтқарған, өкінішке орай, өзі ажал құшқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин. 

Алапат өрт кезінде опат болған батыр бауырымыздың бейнесін көрсететін, сол арқылы жалпы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жанқияр ерліктері һәм ерен еңбектерін шынайы суреттейтін телесериал нақты деректер арылы өрбиді", деп жазды министр.

Сондай-ақ, министр түсірілім алаңына Асқардың жұбайы Анель мен қыздары Адия, Дамина да келгенін атап өтті.

Айта кетейік, министрліктің қолдауымен “Bas production” компаниясы түсіріп жатқан сериал бұйырса қыркүйек айында “Astana” арнасынан көрсетіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу